1 мамырдан бастап Алматы мен Пусан арасында рейс ашылады
Сәуір 29, 2026, 6:46 Т.Қ.
1 мамырдан бастап Алматы – Пусан тікелей әуе рейсі іске қосылады.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Оңтүстік Кореяның EasterJet әуе компаниясы рейстерді аптасына екі рет орындайды. Жаңа бағыт екі ел арасындағы туристік әрі іскерлік байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге жол ашпақ.
– Тікелей рейстің ашылуы туризмді дамытуға, іскерлік белсенділікті арттыруға және мәдени байланысқа тың серпін беріп, Алматының өңірдегі жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі орнын одан әрі нығайта түседі, - деп хабарлады әкімдіктен.
Кейінгі жылдары Алматыға оңтүстіккореялық туристердің қызығушылығы арта түскен. 2025 жылы қалаға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан астам қонақ келген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп.
Похожие новости