1,5 млн халқы бар қала: Елорда күніне арналған қызықты статистика
Елорда күні қарсаңында Қазақстанның бас қаласы – Астана туралы қызықты статистикалық мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астана қаласының халқы 1 566 566 адамға жетті. Қалада әйелдер саны ерлерден көп: 823 766 әйел және 742 800 ер адам тіркелген.
2025 жылдың бірінші тоқсанында елордада 6 025 сәби дүниеге келді, ал осы кезеңде 1 914 неке ресми түрде тіркелді.
Астанадағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 78,52 жасты құрайды.
Қалада қазіргі таңда 14 жоғары оқу орны, 10 театр және 7 мұражай жұмыс істейді.
2025 жылғы 1 маусымдағы мәліметке сәйкес, елордада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 295 179 бірлікті құрады.
Сондай-ақ Қазақстанда ресми түрде Астана есімін иеленген 24 адам бар екені белгілі болды.