16 қаңтардан бастап «Түркістан – Абу-Даби» әуе бағыты ашылады

Қар. 10, 2023, 8:45 Т.Қ.

Біріккен Араб Әмірліктерінің «Wizz Air Abu Dhabi» авиакомпаниясы 2024 жылдың 16 қаңтарынан бастап «Түркістан – Абу-Даби» бағытында әуе рейстерін бастауды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына 3 рет – сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері заманауи «AirBus 321» ұшақтарымен орындалатын болады.

Жолақысы бір бағытта – 20 мың теңгеден басталмақ.

Билетті «wizzair.com» ресми сайтынан, мобильді қосымша немесе авиабилеттерді онлайн сату сервистерінен алуға мүмкіндік бар.

Жолаушылар рейсті ұшу уақытынан 3 сағат бұрын ешқандай комиссиясыз өзгерте алады. Аталған бағытта ұшу уақыты – 3 сағат.

Жаңа бағыт қос қала тұрғындары мен қонақтары үшін туристік мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Теги: