167 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Сәуір 8, 2026, 4:44 Т.Қ.

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 31,1 мың отбасындағы 167,4 мың адамға 7,9 млрд теңге сомасында тағайындалды.

Фото: pixabay

Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған.

Бұрын хабарланғандай, АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 51,7 мың балаға 942,1 млн теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;

- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Теги: