5.32 сериалын түсіргендер неге сотқа келмеді?

Қаз. 11, 2022, 5:01 Т.Ж.

Кеше Алматы қаласының Алмалы аудандық №2 сотында журналист Асқар Жалдиновтың талап арызы бойынша сот процесіне дайындық басталды.


Естеріңізге салайық, «Вне протокола. Тайны громких преступлений в Казахстане» кітабының авторы А.Жалдинов Salem Social Media компаниясын, «5:32» сериалының режиссері А.Утевті, сценаристер С.Литовченко мен Ә.Қадірсейітті сотқа берген.

«Олар менің келісімімді алмай, сериал түсіргенде «Вне протокола. Тайны громких преступлений в Казахстане» кітабымды рұқсатсыз пайдаланған.

Яғни, менің кітабымның «Маньяктар» бөліміне плагиаттық жасаған. Бірақ олар мұны мойындағысы келмейді, кешірім сұрап, ақша төлегісі жоқ. Сондықтан да бұл азаматтарды сотқа бердім.
Қазір Алмалы аудандық №2 сотында процесс басталды.

Дайындық отырыстары жүріп жатыр. Бүгін сот менің және адвокаттарымның өтінімдерін қабылдады. Сериалға қатысты құжаттардың бәрін сұраттық. Ол келісім шарттар, тапсырыстар, синопсистер, жобаның паспорты, әр серияның сценарийі, пайдаланылған материалдар. Өйткені бұл материалдар шындыққа жетуге көмектеседі, Утев пен оның достары қалай плагиат жасағанын әшкерелейді. Мен мұны сотта дәлелдеймін», – дейді А.Жалдинов.

Бүгінгі процеске жауапкерлердің ешқайсысы келмепті. Тек олардың адвокаттары қатысқан. Келесі отырыс 21 қазан күні сағат 14:30-да өтеді.

Теги: