АЭС электр энергиясының тұрақты көзі болып саналады

Қыр. 21, 2024, 12:19 Т.Ж.

Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты.

men

«Біз Ақтөбе облысында орналасқан үлкен жел электр стансасына бардық. Ол еліміздегі үлкен стансаның бірі. ЖЭС елімізде өте қарқынды дамып жатыр. 2900 МВт-тан астам жаңартылатын энергия қазірдің өзінде жұмыс істейді. Біз оны одан әрі дамытамыз. Бірақ бұл энергия көзі тұрақсыз, ауа-райына байланысты болғандықтан –экономиканы толық қамтамасыз ету үшін басқа бағыттарды дамыту қажет. Энергия қуатын реттеу және алмастыру үшін газ генерациясын саламыз. Тиісті аукциондар өткізілді. Көмір стансаларын жаңғыртамыз. Бірақ экономиканы дамыту үшін, біз жаңа ғана барып көрген ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды қамтамасыз ету үшін бізге тұрақты базалық генерация қажет. Ол – атом энергетикасы. Оның пайдалы әсер ету коэффициенті 90% құрайды. Сондықтан көптеген дамыған елдерде атом энергетикасы бар. Қазір 15 мемлекет үлкен атом стансаларын салып жатыр. Қазақстан да осы тізімде болуы керек деп санаймыз», – деді ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов

Теги: