АЭС салу мәселесі бойынша өткізілген референдумның exit-poll нәтижелері шықты

Қаз. 7, 2024, 8:52 Т.Ж.

Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша өткен республикалық референдум кезінде бірнеше ұйымның мамандары учаскелерден шыққан адамдар арасында сауалнама өткізіп, қандай дауыс бергенін сұраған.

almaty.tv

Нәтижесінде, «Amanat» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жүргізген сауалнама бойынша дауыс бергендердің 72,3%-ы «иә» десе, 27,7%-ы «жоқ» деп дауыс берген. Сауалнамаға 44 160 адам қатысқан.

Ал Еуразиялық интеграция институтының зерттеуі бойынша сауалнамаға қатысқандардың 71,8%-ы «иә», 28,2%-ы «жоқ» деп дауыс берген. Сауалнамаға 30 546 адам қатысқан.

«Астана» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының зерттеуі бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы «иә» десе, 30,2%-ы «жоқ» деп дауыс берген. Сауалнамаға 283 519 адам қатысқан.

Теги: