Афиныда өткен халықаралық турнирде қазақстандық жүзгіштер 4 медаль жеңіп алды

Мамыр 4, 2025, 6 Т.Қ.

Афины қаласында (Грекия) жүзуден Acropolis Swim Open 2025 халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР ТСМ Спорт комитетінің баспасөз қызметі.

Olympic.kz

Екінші жарыс күніндегі қазақстандық спортшылардың нәтижесі келесідей:

Әділбек Мусин, баттерфляй (100 метр). Уақыт көрсеткіші - 52.56 секунд.

Аделаида Пчелинцева, брасс (50 метр). Уақыты - 31.87 секунд

Айбат Мырзамұратов, брасс (50 метр). 28.05 секунд

Максим Сказобцов, баттерфляй (100 метр). 53.61 секунд

8 елден үздік 680 атлет қатысып жатқан аталмыш дода 4-ші мамырда аяқталады.

Теги: