Аида Балаева еліміздегі ажырасудың негізгі себебін атады

Ақп. 20, 2024, 4:39 Т.Қ.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті.

«Отбасы туралы ұлттық баяндамаға сәйкес азаматтардың 95,4% отбасылық қатынастарды қолдайды. Ұлттық статистикасына сәйкес 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда некеге тұру 5,9%, ал ажырасу 5,3%-ға азайды», — деді Аида Балаева Сенатта өткен Үкімет сағатында жасаған баяндамасында.

Сонымен қатар министрдің ажырасудың негізгі себептерін атады. Ол – ішімдікке салыну, ерлі-зайыптылардың біреуінің нашақорлығы — 61,7%, тұрмыстық зорлық-зомбылық -51,1%, сенімсіздік – 0, 47%, лудомания-38,4%.

«Жүргізілген зерттеуге сәйкес, қазақстандықтар көрсеткен ажырасудың себебі (20%) бала туа алмау, әрбір 6-шы отбасы осындай жағдайға тап болып отыр», — дейді ол.

Теги: