Air Astana Дубайға ұшатын рейстерді тоқтату мерзімін 30 сәуірге дейін ұзартты

Сәуір 1, 2026, 9:40 Т.Қ.

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

canva

Таяу Шығыстағы қақтығыс әлі жалғасып жатқандықтан, Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын тұрақты рейстерді тоқтату мерзімін 1 сәуірден 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) ұзартуға мәжбүр болып отыр. Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
Ұшуды алдын-ала жоспарлап, алайды ұша алмай қалған жолаушыларға келесідей нұсқаулық ұсынылды:

билет құнын толық қайтарып беру (айыппұлсыз);
Дубайға 30 маусымға дейін (қоса алғанда) ұшатын рейстерді тегін қайта брондауға мүмкіндік беру;
әуекомпанияның басқа бағыттарына айыппұлсыз қайта брондауға болады (тариф айырмасы мен әуежай алымдары бойынша қосымша төлем болуы мүмкін), сапар мерзімі 30 маусымға дейін (қоса алғанда).

Әуекомпания Таяу Шығыстағы ахуалды мұқият бақылап отыр.

Теги: