Ақмола облысының Степногорск қаласында жаңартылған аралас жекпе-жек залы ашылды

Ақп. 9, 2024, 10:35 Т.Қ.

Зал барлық санитарлық талаптарға жауап береді.

Спорт нысаны спортшыларға ыңғайлы болу үшін — киім ауыстыратын бөлмемен, душ бөлмесімен, заманауи спорт құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Залда ересектер де, балалар да жаттыға алады.

«Алтыналмас» қала құраушы компаниясы залдың жөндеуін және жабдықтандыруын қаржыландырды.

«Қазақалтын» ЖШС Бас директоры Қайролла ЖҮРСІНБАЕВ: «Біз Степногорск өңірінің балалары мен ересек тұрғындары спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын насихаттауы үшін аралас жекпе-жектің жаңа залын ашамыз. “Қазақалтын” «Алтыналмаспен» бірлесіп күрделі жөндеу жүргізіп, барлық талаптарға сай келетін осы кешенді жабдықтады. Біз қала құраушы алтын өндіруші компания ретінде қатысқан өңірдің тұрақты дамуын қолдаймыз. Біздің өңірдің дамуына қосқан осы үлес жергілікті тұрғындар үшін өз денсаулығын нығайтуға, жас ұрпақты физикалық тұрғыдан дамытуға тағы бір мүмкіндік болсын, осы қабырғалардан Қазақстанымызды дәріптейтін болашақ чемпиондар шықсын».

Спорт кешеннің жалпы ауданы 230 шаршы метрді құрайды. Спорт залы 35 жаттығатын балаға есептелген.

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Гүлназ ӘБІЛОВА спорттық клубтың салтанатты ашылу рәсімінде: «Қала әкімшілігі атынан” Алтыналмас “ компаниясы тобына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс білдіреміз. Қала үшін мұндай әлеуметтік жобалар маңызды. Шын мәнінде бұл Степногорск қаласының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту үшін жұмыс істейтін компания. Біздің жас ұрпақ, жас спортшылар қазір біздің елімізде осы танымал спорт түрімен айналысуға мүмкіндік алады».

Бас бапкер — белгілі Аралас жекпе-жек спортшысы — Манарбек Шайхенов. Жауынгерлік самбо, ММА, панкратион бойынша Қазақстан чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ММА бойынша үш дүркін Азия чемпионы, армиялық қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы.
Залда ММА, жекпе-жек және панкратион бойынша жаттығулар өткізіледі.

Степногорск және жақын маңдағы кенттердің балалары үшін сабақтар тегін жүргізіледі.

Теги: