АҚШ-та су тасқынынан қаза тапқандар саны 80-ге жетті
Биліктің соңғы мәліметі бойынша, Техастағы жойқын су тасқынынан кем дегенде 80 адам, оның ішінде 28 бала қаза тапты, деп хабарлайды BBC.
Техас штаты Керн округінің шерифі Ларри Лита жексенбі күні кешке журналистерге округте расталған өлім саны 68-ге жеткенін (40 ересек пен 28 бала) айтты.
CNN жергілікті билікке сілтеме жасай отырып, басқа бес округте тағы 12 адам қаза тапқанын мәлімдеді.
Техастың бірнеше округінде төтенше жағдай жарияланды: көптеген жол қирады, телефон желілері жұмыс істемейді. Тағы 41 адам, оның ішінде 10 қыз із-түссіз жоғалып кетті.
Қайтыс болған және із-түзсіз жоғалған балалар Гуадалупе өзенінің жағасында, Керрвилл маңындағы қыздарға арналған христиандық жазғы Camp Mystic лагерінде демалып жатқан. Олар нөсерден кейін жағадан шыққан.
АҚШ президенті Дональд Трамп оның әкімшілігі штат билігімен тығыз жұмыс істеп жатқанын, оның тапсырмасы бойынша Техасқа АҚШ Ұлттық қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм барғанын айтты.
Техаста болған Ноэм баспасөз мәслихатында президенттің су тасқыны кезіндегі адамдардың қазасына «қатты есеңгіреп қалғанын» айтты және одан штат тұрғындарына Мелания екеуі қатты қайғырып жатқанын және іздеу жұмыстарын жеңілдету үшін федералды үкіметтің барлық ресурсын беруге дайын екенін жеткізуін сұрады.
Кристин Ноэм Төтенше жағдайларды басқару федералды агенттігінің (FEMA) «жоғары дайындықта» екенін және құтқару жұмыстарына, соның ішінде көбірек ұшақтар мен тікұшақтармен уақытылы және жедел көмек көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.
Елде Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара тоқтатылды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Техастағы оқиғаны «жан түршігерлік» және «қорқынышты» деп атады, ал Ақ үй штатқа қосымша көмек көрсетуге уәде берді.