Ақсу қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы 2 жылға сотталды

Ақп. 4, 2026, 12:33 Т.Ж.

Ол әлеуметтік осал топтағы азаматтарға аяқталмаған пәтерлерді сатып алғаны үшін айыпталған.

freepik.com

Павлодар облысы Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы әлеуметтік осал топтағы азаматтарға аяқталмаған пәтерлерді сатып алғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өңірлік прокуратураның хабарлауынша, оның алдындағы басшыға және мердігерге қатысты көппәтерлі тұрғын үй құрылысы кезінде орындалмаған жұмыстар үшін 451 млн теңге төлеу деректері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

— 2025 жылғы қадағалау қызметінің қорытындысы бойынша прокуратура тарапынан заңсыз мемлекеттік сатып алуларды 32 млрд теңгеге жою, бюджет қаражатының 24,1 млрд теңгеге негізсіз жұмсалуын болдырмау, 3 млрд теңге көлемінде залалды өндіру, 6,5 млрд теңге сомасындағы мүлікті қайтару, сондай-ақ 1 млрд теңге айыппұл өндіріп алу арқылы мемлекеттің материалдық мүдделері қорғалды, — деп мәлімдеді облыстық прокуратурадан.

Цифрландыру саласында, оның ішінде ауылдық жерлерді интернетпен қамтамасыз ету барысында 150 млн теңге көлемінде жымқыру деректері анықталған.

Бюджет қаражатын жұмсау кезінде орын алған барлық ұрлық пен қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілер қамауда, облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

Жалпы алғанда, жауапкершіліктің әртүрлі түрлеріне 160 адам тартылып, 11 адамға қатысты айыптау үкімдері шығарылған.

Теги: