Ақсу қаласында 2,6 млрд теңгелік жайылым жер мемлекетке қайтарылды

Ақп. 9, 2026, 10:15 Т.Қ.

Қазір аталған аумақтар арнайы жер қорына енгізіліп, белгіленген мақсаттарына сәйкес бөлінетін болады, деп хабарлайды Ақсу қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

canva

— Прокуратураның ұсынысын қарау нәтижесінде құны 2,6 млрд теңге болатын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы аумағы 2 410 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, — делінген хабарламада.

Тексеру барысында халықтың мал жаюына ғана арналған жер учаскелерінің үшінші тұлғаларға өзге мақсаттарда берілгені анықталды. Салдарынан бұл жайылымдық жерлердің тапшылығына әкеп соққан.

Теги: