Ақтау маңындағы ұшақ апаты: таяуда Қазақстан тергеу ақпаратын жариялайды

Қар. 25, 2025, 9:21 Т.Қ.

Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Ақтауда Әзербайжан ұшығаның апатын тергеу жұмыстарына қатысты түсінік берді.

Бейнежазбадан

- Қазіргі уақытта осы тергеу амалдары жалғасып жатыр. Үш айдан кейін алғашқы алдын ала қорытындыны толық көлемде тиісті комиссия таныстырды. Атап айтқанда, қазір егжей-тегжейлі тәртіпте тексерулер тереңірек жүріп жатыр. Бұл тұрғыда айтарлықтай күрделі сараптамалар ескерілген, - деді М. Қалиақпаров тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін, толық есеп БАҚ-қа жарияланады.

- Әзірге, оның қашан шығатынын айта алмаймыз... Бірақ, жыл соңына қарай тиісті мәліметті жолдаймыз, - деді вице-министр.

Теги: