Актер Шәріп Серік қамауға алынды
Сәуір 4, 2025, 6 Т.Қ.
Белгілі қазақстандық актер Шәріп Серік бес тәулікке қамалды.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі) Ш.Серікке қатысты іс қаралды.
Сот барысында актер өз кінәсін мойындады.
– Сот қаулысымен Шәріп Серік Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды,– деп хабарлады соттан.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ
Похожие новости