Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Қар. 20, 2023, 12:43 Т.Қ.

19 қараша сағат 05:45 шамасында Ақтөбе-Орынбор тас жолында Audi, Lexus және Subaru forester көліктері соқтығысқан.

Салдарынан Lexus және Subaru forester көлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  

Теги: