Ақтөбеде оқушы абайсызда адам қағып өлтірді

Қаң. 29, 2023, 4:39 Т.Ж.

Қарда жүретін көлік тізгіндеген мектеп оқушысы бірнеше адамды қағып кетті. Салдарынан 40 жастағы әйел көз жұмды.

Көлік қаққандардың кішкентайы бір жарым жаста. Ол ауруханада ем алып жатыр.

Сонымен бірге 5, 16, 17 жастағы жапа шегушілер дәрігерлердің бақылауына алынды.

Оқыс оқиға «Тау» демалыс базасының аумағында болған.

Теги: