Ақтөбеде жол-көлік апатына кімнің кінәлі екені айтылды

Қаз. 24, 2025, 3:41 Т.Ж.

Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында DAF жүк көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Бейнежазбадан

Самара-Шымкент тасжолындағы жол-көлік апатынан соң оқиға орнына облыстық ПД бастығы Абай Жүсіпов те барды. Ол алдын ала болжамды айтты.

— Жүк көлігі қарсы бағыттағы жол жолағына шыққан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Белгілі болғандай, «ГАЗель» көлігі Жүргенев атындағы ауылдан облыс орталығына ресми түрде жолаушылар тасымалдаумен айналысқан. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, жедел-тергеу тобы және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деді облыстық ПД бастығы Абай Жүсіпов.

Теги: