«Ақылдыны билегің келсе, ақымаққа қамшы беріп қой»: Ринат Зайытов Үкімет дайындаған заң жобасын сынады

Қаң. 16, 2024, 9:48 Т.Қ.

Бүгін Мәжілісте ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша заң жобасы таныстырылды.

Талқылау кезінде Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов аталған заң жобасын қатаң сынға алды.

«Ақылдыны билегің келсе, ақымаққа қамшы беріп қой» деген жақсы сөз бар. Мына заң қашып құтыла алмайтынын білген соң, қуып қорқытпақшы болғанның кебі ме деп ойлап отырмын. Жеке талқылайық. Қазіргі сегізінші шақырылымның белсенділігіне қарай, өткенде Премьер-министрдің өзі де «Парламент өзіне тым көп алады. Бұл Үкіметке жұмыс істеуге бөгет жасап отыр» деп айтты. Жұмыс істеу деген халықтың игілігіне емес, тырнақшаның ішінде. Ашық нормативтік-құқықтық ақтілер порталында депутаттық заң жобаларын жария талқылауды өткізу дейді де, «Үкімет қорытындысын ескере отырып» дейді. Үкімет қорытындысын ескеретін болсақ, қалғанының не қажеті бар?!», – дейді ол.

Теги: