«Алаяқтардың 80 пайызы намаз оқиды»: Ринат Зайытов тағы дауға қалды

Қыр. 18, 2023, 6:22 Т.Қ.

Мәжіліс депутаты «елімізде алаяқтық әрекетке баратындардың 80 пайызы намаз оқиды» деген пікірім желіге басқаша мәнде таралып кетті дейді.

Тіпті оның пікіріне наразылық білдіріп үлгерген танымал тұлғалар да бар.

Ринат Зайытов мұның барлығын өзіне жасалып жатқан ақпараттық және психологиялық шабуыл деп есептейді.

«Оны өзім де күткенмін. Себебі оған етім үйренген. Мұндай шабуылдар маған 2008, 2011, 2019 жылдары да жасалған. Жасырмаймын оңай емес. Бірақ шыдауға тура келеді. Енді сіздерге бұл технология қалай жасақталатынын түсіндіруге тырысайын. Мысалы, осы жолғы шабуылдың тақырыбы менің намаз оқып жүріп, алаяқтық жасайтын адамдар жайлы айтқан сөзімді алға тартып, сол арқылы қоғамды маған қарсы қоймақ», — дейді ол.

Теги: