Алатау қоқыс полигонындағы өрт толықтай сөндірілді
Қыр. 22, 2025, 6:39 Т.Қ.
Алматы облысындағы қатты тұрыстық қалдықтар полигонындағы өрт толықтай сөндірілді. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының, Абай және Жетісу облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары, 28237, 52859 және 68303 әскери бөлімдері, сондай-ақ ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары жұмылдырылды.
Еске салайық, бұған дейін Алатау қаласының қоқыс полигонындағы ірі өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді.
Похожие новости