Алдағы үш күнде 25 градусқа дейін аяз болады

Қар. 11, 2024, 10:48 Т.Қ.

Қазгидромет алдағы 3 күнге ауа райы болжамын жариялады.

rbth.com

«Республиканың барлық дерлік аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады. Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болжанады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қарлы бұрқасын, көктайғақ құбылыстары, елдің басым бөлігінде екпінді жел күтіледі. 12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қалың қар жауады. Ал елдің оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін. Тек батысында, 14 қарашада елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Синоптиктердің хабарлауынша, Батыс облыстарында ауа температурасының түнде 0-11 аяздан 8 градус аяз-3 градус жылуға дейін, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығындағы өңірлерде түнде 8-18-ден 3-15 градус аяз болады.13 қарашада ауа температурасының түнде 10-25 градусқа дейін аяз болса, күндіз минус 5-16 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. 14 қарашада түнде 7-20 градусқа дейін аяз болады.

Теги: