Алмас Жали кино индустрияны Astana Hub арқылы қолдауды ұсынды

Қар. 14, 2024, 8:32 Т.Қ.

Продюсер Алмас Жали кино индустриясының өкілдеріне Astana Hub орталығын қолдау бағдарламасы арқылы жұмыс істеуге рұқсат беру керек деген ой айтты.

kazaknews.kz

«Фильмнің көрсетілімін ұйымдастырудың шығындары көп. Оның ішінде салық пен дистрибьютелік комиссия алымдары да бар. Соның салдарынан бизнес табысының 30-40 пайызын төлемдерге жұмсайды. Бұл біздің дамуымызға кедергі. Кино индустриясына 4-8 пайыз көлемінде оңайлатылған бірыңғай салық мөлшерлемесі болса деп ұсынамыз. Бұл салық жүктемесін жеңілдетіп қана қоймай жиналатын ақшаның ашықтығына әсер етер еді», - деді продюсер.

Сондай-ақ, ол жергілікті деңгейдегі кино индустриясын дамытуға көбірек көңіл бөліну керек деген ой айтты.

«Astana Hub салық жеңілдіктері мен қажетті инфрақұрылымы бар дайын экожүйе деп есептеймін. Мұндай модельді креативті салаларға, соның ішінде кино түсіру ісіне қолдану бүкіл саланың дамуына серпін бере алады. Кино индустрияны Astana Hub экожүйесіне қосу бірнеше жыл ішінде операторлар мен режиссерлердің, суретшілер мен басқа да мамандардың ортақ мәліметтер базасын құруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Теги: