Алматы облысында әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр
Қыр. 4, 2026, 11:08 Т.Қ.
Талғар және Қарасай аудандарынан шақырылған запастағы 60 әскери қызметші Қонаев гарнизонының 10228 әскери бөліміне оқу-жаттығу жиынына келді.
Жиын барысында әскери міндеттілерге білімін шыңдауға, әскери-кәсіби дағдыларын жетілдіруге және олардың бөлімше құрамында тапсырмалар орындау әзірлігін арттыруға бағытталған сабақтар өткізіледі.
Әскери бөлімде резервтегілердің оқуына және тұруына қажетті жағдай жасалған. Олар үш мезгіл тамақпен, киім-кешекпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етілген.