Алматы облысында жедел жәрдем көлігі қағып кеткен азамат қайтыс болды
Маусым 14, 2025, 5:16 Т.Ж.
Алматы облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 11 маусым күні Hyundai H 350 жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 75 шақырымда жаяу жүргінші қағып кеткен. Жол апатында алған жарақаттарынан ол жан тапсырды.
– Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полицияда қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.