Алматы облысының тауларында турист адасып кетті
Алматы облысының таулы аумағында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары бағытынан жаңылған туристі іздеу операциясын жүргізді.
Құтқару тобы жақында қайта ашылған «Медеу» бекетінен шықты, бекет жұмысы ТЖ министрінің тапсырмасымен қайта жанданған.
Құтқарушылар автокөлікпен Кимасар шатқалындағы көпірге дейін жетіп, одан әрі 3053 метр биіктікте орналасқан Фурманов шыңына қарай жаяу көтерілді.
ТЖМ мәліметінше, іздестіру жұмыстары қатты жаңбыр, қалың тұман және нашар көріну сияқты қолайсыз ауа райына байланысты күрделі болды. Соған қарамастан, құтқарушылар жас жігітті тез тауып, алғашқы көмек көрсетіп, оны қауіпсіз жағдайда елді мекенге жеткізді.
Туристің денсаулығына медициналық көмек қажет болмады.
Құтқарылған азамат кейін құтқарушыларға алғыс білдіріп, бейнеүндеу жолдады.