Алматыда 17 борышкерге алименттен жалтарғаны үшін іс қозғалды

Наурыз 20, 2026, 5:46 Т.Қ.

Алматы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың уақтылы алимент алу құқығын қорғау жұмысын күшейтіп жатыр.

freepik.com

Негізгі бағыттардың бірі болып, табыстарын жасыру фактілерін қоса алғанда, жосықсыз алимент төлеушілердің міндеттемелерді орындауын қадағалау.

— Жүргізілген талдау барысында алимент бойынша 3 419 250 теңге мөлшерінде берешегі бола тұра, борышкерлердің бірі «Y.Taxi Qazaqstan» ЖШС арқылы 1 498 023 теңгеден астам табыс тапқаны және үш айдан астам уақыт бойы алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін қасақана орындаудан жалтарғандығы анықталды, — делінген Алматы қаласы прокуратурасы хабарламасында.

2026 жылдың басынан бастап прокуратураның бастамасымен алимент төлеуден жалтарған 17 борышкерге қатысты ҚК-нің 139-бабымен қылмыстық істер тіркелді.

Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 669-бабымен алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін 95 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 350 баланың пайдасына 400 млн теңгеден астам сомаға алимент бойынша берешек өтелді.

— Алматы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу міндеті ата-аналарға жүктелгенін еске салады және барлық ата-ананы балалар алдындағы өз міндеттерін уақтылы орындауға шақырады. Алимент төлеуден жалтару, әкімшілік (ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық жауаптылыққа (ҚК-нің 139-бабы) әкеп соғады, — делінген хабарламада.

Теги: