Алматыда 20 жастағы курьерден 2,5 келі есірткі тәркіленді

Сәуір 30, 2026, 5:48 Т.Қ.

Алматы қаласының Алатау ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде интернет-дүкеннің бір тармағының қызметі тоқтатылды.

Фото: pexels

Онда 20 жастағы жасырын жеткізуші жұмыс істеген. Жеке тінту барысында наркокурьерден 127 орам мефедрон және таратуға дайындалған 2 мың «экстази» таблеткасы, сондай-ақ тұрғылықты жерінен шамамен 1 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Жалпы салмағы 2,5 келі, бұл тұтынушыға жетпеген 6 мың бір реттік дозаға тең. Төлем криптовалюта арқылы алынған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Теги: