Алматыда тағы бір заңсыз нысан бұзылды

Ақп. 20, 2026, 9:21 Т.Қ.

Алматыда Сейфуллин даңғылы, 553/1 мекенжайында орналасқан ғимарат бұзылды.

Алматы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің айтуынша, бұл нысан басқарма инспекторлары тарапынан қала құрылысы заңнамасының сақталуына жүргізілген бақылау барысында анықталған.

– Инспекторлар атқарған түсіндіру жұмысының нәтижесінде меншік иесі нысанды өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдады, - делінген хабарламада.

Теги: