Алматыда жол апатынан 23 адам зардап шекті: науқастардың жағдайы белгілі болды

Шілде 15, 2025, 8:58 Т.Қ.

Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан 23 адап зардап шекті.

canva.com

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 4 бала №2 балалар ауруханасына, 7 ересек адам №7 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

— Тексеруден және қажетті медициналық көмек көрсетуден кейін олардың барлығы амбулаториялық емделуге жіберілді. Қалған зардап шеккендер Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді, — деп хабарлады басқармадан.

Ал Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының мәліметіне сәйкес, аурухананың қабылдау бөлмесіне 12 адам келіп түскен. Науқастардың жағдайы орташа ауырлықтағы және қанағаттанарлық деп бағаланған.

— Барлық зардап шеккендерді дәрігерлер қарады, содан кейін олар тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді, — делінген емхана жауабында.

Теги: