Алматы қаласында көпқабатты автотұрақтар салынады
Там. 12, 2022, 6:04 Т.Ж.
2023 жылы аталмыш мәселеге қатысты инвесторлармен жұмыс басталады.
Жыл соңына дейін Алматы қаласында көпқабатты автотұрақтар салу бағдарламасы әзірленеді.
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
Кездесуге келген аудан тұрғыны автотұрақ мәселесін көтерді.
«Әуезов ауданындағы мәселелердің бірі – автотұрақ. Көшелер машинаға лық толы, көлік жүретін жолдар жартылай жабылып қалған. Нәтижесінде, өрт сөндіру, жедел жәрдем көліктері кіре алмай қалады. Көпқабатты автотұрақтар салу керек деп ойлаймын», – деді аудан тұрғыны.
Ерболат Досаев алдағы уақытта көпқабатты тұрақтар салынатынын айтты.