Алматыда жер сілкінісі қайталануы мүмкін

Наурыз 4, 2024, 5:23 Т.Қ.

Қазіргі уақытта жер дүмпуінің қайталану қаупі сақталып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев мәлім етті.

«Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылды. Дәл қазіргі уақытта жер дүмпуінің қайталану қаупі әлі де сақталады. Афтершок. Бүкіл қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, жақын орналасқан халықты қабылдау пунктіне баруларыңызды сұраймыз», — деді Нұрлан Атығаев.

Теги: