Алтын, көмір, темір, мұнай, мыс кен орындары мемлекет меншігіне қайтарылды

Там. 3, 2023, 7:08 Т.Қ.

Үкімет шарт талаптарын бұзған жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Осылайша, жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес уәкілетті органдар 118 келісімшартты (2023 жылдың басынан бері – 19 келісімшарт) және қатты пайдалы қазбалар (ПҚҚ) бойынша 245 лицензияны (2023 жылдың басынан бері – 42 лицензия), сондай-ақ көмірсутек шикізаты бойынша 27 келісімшартты (2023 жылдың басынан бері – 15 лицензия) бұзды.

Бұл ретте уәкілетті органдар қаржылық міндеттемелерді бұзған жер қойнауын пайдаланушыларға айыппұл санкцияларын қолдану бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Нәтижесінде, мемлекет есебіне қатты пайдалы қазбалар бойынша 934 млн теңге айыппұл өндірілді (2023 жылдың басынан бері 603 млн теңге), сондай-ақ көмірсутек шикізаты саласындағы 9 келісімшарт бойынша 1,94 млрд теңге берешек өтелді.

Теги: