«АЛТЫНАЛМАС» СТЕПНОГОР ӨҢІРІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДА

Қаз. 20, 2023, 3:06 Т.Қ.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Алтыналмас АК» АҚ мен «Қазақалтын» ЖШС алтын өндіруші мекемелері елді мекендерге маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыра отырыпкенші ауылдарына қолдау көрсетіп келеді.

Ақсу бекеті мен Заводская ауылында жап-жаңа спорттық тренажерлер пайда болды, Кварцитка ауылында көз тартар балалар алаңы салынды. Енді Степногорға қарасты кенші ауылдардың тұрғындары жабдықталған алаңда бос уақыттарын өткізіп, спортпен шұғылдана алатын болды. Аталмыш кешендерді орнатуға мердігер етіп «Самұрық» ЖШС жергілікті мекемесі тартылды. Осылайша, алтын өндіретін кәсіпорындар жергілікті қызмет көрсетушілерді де қолдайтынын көрсетті. Екі алаңға да жасанды газон төселді.

Тренажерлер мен турниктер сапасы жағынан жақсы атаққа ие болған «Романа» компаниясынан алынды, оның өнімдерінің беріктігі жаңалық емес.

Алтыналмастың тапсырысымен Кварцитка ауылының әкімдігі маңында жасанды газон төселген 100 шаршы метрлік алаңға заманауи балалар ойын алаңы салынды. Онда екі әткеншек, сырғу төбешігі мен жаттығу баспалдақтары бар шағын ойын алаңқайы орналастырылды. Оның маңайына қоқыс салғыштары бар екі орындық қойылды. Алаңды айналдыра қоршау орнатылды.

Сонымен қатар, Ақсу ауылында жарықтандыру бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Былтыр Алтыналмастың қаражатына 70 жарықтандыру бағанасы орнатылды, Ақсу бекетінің негізгі мектебі ауласында тартан төселген баскетбол алаңы салынды. Бұлжұмыстар кезінде қолданылған материалдар мен жұмыстардың сапасына ерекше назар аударылды. Биыл ауылды абаттандыру жұмыстары жалғасып келеді. Қосымша тағы 80 жарықтандыру бағанасы орнатылды. Жеті көшенің тұрғындары атқарылған жұмыстардың қызығын көріп келеді. Көшені жарықтандырудың басты мақсаты – жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі.

«Самұрық» ЖШС бас инженері Данияр Әлімов алтын өндірушілердің кенші ауылдарын абаттандыруға қосқан үлесін атап өтті: «Әлеуметтік жобалар төңірегінде маған Алтыналмас пен Қазақалтын компанияларымен жұмыс атқарған ұнайдыХалық игілігіне жұмыс жасаймызолардың батасын алғымыз келедіризалығына бөленгіміз келедіӨзіміз де осы көшелермен жүремізертеңгі де мекеніміз осы жерәрине адал әрі сапалы жұмыс өзіміздің де мүддемізХалық игілігіне әрі қарай қызмет етугедайынбыз».

Алтын өндіруші компанияға жергілікті мердігерді қолдау, аймақтың тұрақты дамуына әлеуметтік құнды жобалардыіске  асыру арқылы үлес қосу өте маңызды.

Теги: