Анна Данилина Аустриядағы жарыстың финалынан шет қалды
Қаң. 31, 2025, 6:10 Т.Қ.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина Линц (Аустрия) WTA 500 турнирінің финалынан тыс қалды.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші Ирина Хромачевамен бірге жартылай финалда украиналықтар Надежда және Людмила Киченокқа тап келді.
Украиналық жұп бірінші партияда 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде тіпті бет қаратпады – 6:0.
Бір сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында Данилина – Хромачева 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тек екеуін пайдаланды. Украиналықтар 2 эйс, 6 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Похожие новости