Әскерден кейін тегін оқуға мүмкіндік алған қазақстандықтардың тізімі жарияланды

Сәуір 30, 2026, 5:51 Т.Қ.

Қорғаныс министрлігінің сайтында мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Іріктеу «Сарбаз 2.0» цифрлық жүйесі арқылы жүргізілді. Нәтижесінде 2026 жылғы сәуірде запасқа шығарылған 1000-нан астам қазақстандық жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

2023 жылы іске қосылып, заңнамалық тұрғыда бекітілген жоба ЖОО-ға ҰБТ тапсырмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша түсуге мүмкіндік береді. Жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткендер жатақханамен және стипендиямен қамтамасыз етіледі.

Гранттардың бөлінуі:
▪️ Қорғаныс министрлігі — 492
▪️ Ұлттық ұлан — 493
▪️ ҰҚК Шекара қызметі — 112
▪️ ТЖМ — 28
▪️ Мемлекеттік күзет қызметі — 29

«Сарбаз 2.0» — жастар үшін білім алуға және кәсіби дамуға жол ашатын тиімді әлеуметтік мүмкіндік.

Теги: