Аспалы көпірдің видеосы семейліктердің зәресін ұшырды

Ақп. 19, 2024, 2:33 Т.Қ.

Семейде мамандар қаладағы аспалы көпірдің жай-күйін тексерді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Демалыс күндері әлеуметтік желіде бейнежазба пайда болды. Видеодағы кадрдан аспалы көпірдегі саңылаудың ұлғайғанын көруге болады.

Семей қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпаратына сілтеме жасай отырып, 16 ақпанда -29 ℃ ауа температурасында Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірдің қауіпсіздігіне тексеру жүргізілгенін хабарлады.

«Температураның төмендеуі нәтижесінде №1 тіректе шамамен 70 мм және деформациялық жоталары арасында №10 тіректе 60 мм саңылау анықталды. Көпір тіректерінің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, оның құлау қаупі анықталған жоқ. Мамандар көпірді төмен температурада тәулік бойы бақылайды», — деп түсіндірді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, ведомстводан жағдайдың тұрақты екені хабарланды.

Теги: