Астана атауын қайтару үшін халық пікірін ескеруіміз керек – Мәулен Әшімбаев
Қыр. 9, 2022, 3:52 Т.Ж.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елордаға Астана атауын қайтаруға қатысты пікір білдірді.
– Бұл мәселеде адамдар өз пікірін айтуға құқылы. Азаматтың өз пікірін айтуға мүмкіндігі болуы керек, яғни бұл тұрғыда қудалайтындай саясат жоқ.
Ең бастысы, халықтың пікірін ескеруіміз керек. Халықтың, қала тұрғындарының пікірі – негізгі фактор. Осы орайда жарияланып жүрген ұсыныстарды естіп, Мәжілістің депутаттары тиісті бастаманы көтеріп жатыр.
Бұл тұрғыда халық не айтса, сол болуы керек. Халық қолдаса, осындай шешімдерге баруымыз тиіс, – деді Әшімбаев.
Сенат төрағасы бұл мәселеде ешқандай саяси ойындар жоқ екенін, яғни Қазақстан халқының пікіріне назар аударуға мән берілгенін айтты.