Астанада аэротаксидің демонстрациялық ұшуы өтті
2026 жылғы 24 шілдеде Астанада электрлі тік ұшып-қонатын әуе кемесі (eVTOL) негізіндегі аэротаксидің демонстрациялық ұшуы өтті.
Сынақ ұшуы «Қазанат» ипподромының аумағында ұйымдастырылып, Қазақстанда қалалық әуе мобильділігін (Urban Air Mobility, UAM) дамыту жобасын іске асырудың кезекті кезеңіне айналды. Демонстрациялық ұшуды қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd. (AAAG) компаниясы қытайлық AutoFlight компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды. Ұшу үшін бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған AutoFlight Prosperity әуе кемесі пайдаланылды.
Қауіпсіздік талаптарына сәйкес сынақ ұшуы жолаушыларсыз орындалды. Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қалалық әуе мобильділігін енгізудің құқықтық және инфрақұрылымдық негізін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Электрлі тік ұшып-қонатын әуе кемелерін (eVTOL), вертипорттарды және ұшқышсыз әуе қозғалысын басқару жүйелерін реттеуге бағытталған заңнамалық өзгерістер қабылданып, жаңа технологияларды елдің көлік жүйесіне қауіпсіз енгізуге қажетті жағдайлар жасалуда.
Демонстрациялық ұшудан кейін AutoFlight Prosperity әуе кемесі 2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін «Future Games 2026»халықаралық фиджитал турнирінде көпшілік назарына ұсынылады.