Астанада азот оксидін заңсыз сату фактілері анықталды

Ақп. 4, 2026, 10:34 Т.Қ.

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің қызметкерлері профилактикалық және жедел іс-шаралар кешенін жүргізді.

ҚР Бас прокуратурасы

Нәтижесіде бірқатар көңіл-көтеру мекемесінде 20-дан астам азот тотығы баллоны анықталып, тәркіленді.

Аталған деректер бойынша Қылмыстық кодексінің 301-бабының 1-бөлігі бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды.

Азот тотығын, яғни «күлдіретін газды» заңсыз сату қоғамда үлкен алаңдаушылық тудыруда.

— Аталған зат күшті әсер ететін заттар қатарына жатқызылған және азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Оны тұтынуға байланысты денсаулыққа ауыр зиян келтіру және өліммен аяқталған жағдайлар тіркелген. Сонымен қатар, бұл затты пайдалану азаматтардың есірткі заттарын қолдануға тартылуына жиі себеп болуда, — делінген прокуратура хабарламасында.

Теги: