Астанада балабақша қызметкерлеріне 1 млрд теңге жалақы қарызы төленді

Там. 14, 2025, 12:59 Т.Ж.

Астанадағы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне 1 млрд теңге жалақы қарызы төленді.

канва

Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы мен өзге де әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлеу мәселелері бойынша еңбек заңнамасының сақталу жай-күйіне талдау жүргізді.

— Талдау нәтижесінде қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың 2 100 қызметкеріне еңбекақы төлемеу, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік салықтар мен медициналық сақтандыру төлемдерін аудармау деректері анықталды.

Қадағалау актісін қарау нәтижесінде 1 млрд теңге мөлшеріндегі еңбекақы бойынша берешек толық өтелді, — делінген Астана қаласының прокуратурасы хабарламасында

Жол берген бұзушылықтар үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Теги: