Астанада белгісіз біреулер LRT вагондарына сурет салып кеткен – қылмыстық іс қозғалды
Маусым 25, 2025, 5:09 Т.Қ.
Елордада LRT вагондарына рұқсатсыз граффити салу әрекеті тіркелді. Бұған қатысты City Transportation System компаниясы пікір білдірді.
- Вагондардың жоғарғы жағына заңсыз граффити салынғаны анықталды, - деп хабарлады компания өкілдері.
Олар таратқан ақпаратқа қарағанда, материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
CTS өкілдері сонымен қатар вагондардың қорғаныш қабығы бар екенін мәлім етті. Ол вагонның негізгі бояуын сырттан болатын ықпалдан қорғайды. Қазір граффитиді сүртіп жатыр.