Астанада көлік аялдамадағы адамдарға соғылды

Қыр. 29, 2023, 12:45 Т.Қ.

Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті хабарлады.

Бүгін таңғы сағат 08.31 шамасында «Mеrcedes-Benz» көлігі Ахмет Байтұрсынұлы көшесімен Темірбек Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан «Mazda» көлігіне апаттық жағдай туындатқан.

Салдарынан «Mazda» көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, аялдамаға соғылған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Теги: