Астанада LRT депосының құрылысы басталды

Қар. 14, 2024, 8:39 Т.Қ.

LRT депосын Халықаралық әуежай жанындағы 16,84 га аумаққа салады. Депо LRT жүйесіне техникалық қызмет көрсету және басқару орталығына айналмақ.

instagram.com/cts_kz

Депо ғимараттарының жалпы ауданы – 80 мың шаршы метр. City Transportation Systems ұйымының мәліметінше, онда жылжымалы құрамға толыққанды техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қажет нысандар орналастырылады.

Кешен вагондарды жуу ғимаратынан, қосалқы бөлшектер мен жабдық қоймаларынан, жолдарды жөндеуге арналған арнайы техника, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыруға арналған әкімшілік ғимараттардан тұрады.

“Депо аумағында пилотсыз пойыздарды басқару орталығы да құрылады. Автоматтандырылған басқару жүйесінің нәтижесінде қауіпсіздік пен тиімділікті едәуір арттыруға болады. Сонымен қатар іске қосу, тежеу және станцияларда тоқтау сияқты процестер автоматтандырылып, адами фактордың әсерін барынша азайтады”, – делінген хабарламада.

Эстакада бойынша негізгі құрылыс аяқталуына орай, LRT жобасының жұмыстары қысқы кезеңде құрылыс технологиясына сай депо салуға шоғырланады.

Теги: