Астанада мектептегі «Дене шынықтыру» пәнінің жаңартылған мазмұны мен күнделікті гимнастика таныстырылды

Шілде 30, 2025, 5:33 Т.Қ.

Астанада республикалық тамыз кеңесінің аясында «Дене шынықтыру: денсаулық, құндылық, кәсіпқойлық» тақырыбында дене тәрбиесі мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті.

gov.kz

Іс-шараны ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

Секцияда қозғалған басты мәселелердің бірі – оқушыларға арналған таңғы гимнастика кешенінің мектеп тәжірибесіне енгізілуі. Жаттығулар жас ерекшеліктері ескеріліп құрастырылған, оны алғашқылардың бірі болып еліміздің дене шынықтыру мұғалімдері таныстырды. Жаңа оқу жылынан бастап гимнастика жалпы білім беру мекемелерінің күн тәртібіне енеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, дене шынықтыру пәні бойынша оқу жетістіктерін бағалауға қатысты өзгерістер қаралды. Критериалды бағалау жүйесі пәннің ерекшелігін ескере отырып жаңаша модельде ұсынылды.
Секция барысында құттықтау сөз сөйлеп, баяндама жасағандар:

• ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев;

• ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

Жиынға еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам маман қатысты. Олардың қатарында – мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, білім басқармалары мен мектеп директорлары, әдіскерлер, дене тәрбиесі мұғалімдері және мектепке дейінгі ұйымдардың нұсқаушылары бар.
Баяндамашылар қатарында:

• Ханат Қасенов, Спорт және дене шынықтыру академиясының академиялық қызмет жөніндегі проректоры, PhD, қауымдастырылған профессор. Тақырыбы: «Дене шынықтыру 4.0: болашақ мамандарды икемді, цифрлық және салауатты қоғамға қалай дайындаймыз»;

• ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балаларды ерте дамыту институтының директоры Мария Ерманова – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жетілдірудің басым бағыттары»;

• Спорт саласының құрметті қайраткері, PhD, Тастанбек Есентаев өз еңбегі – «Сенің Олимпиадалық оқулығың» атты кітапты таныстырды;

• «World Class» фитнес клубының нұсқаушысы, Silla, Fight, Xcore, RealRyder бағдарламаларының авторы, ОРТ Қазақстан арнасындағы спорт айдарының жүргізушісі «Физикалық зарядка: қолжетімділік, бірізділік, жүйелілік» атты шеберлік сабағын өткізді. Сабақ ата-аналар мен балаларға арналды.

gov.kz

Секция бағдарламасында қамтылған бағыттар:
• мектеп оқушыларына арналған таңғы гимнастиканы оқу процесіне міндетті түрде енгізу;
• дене шынықтыру пәні бойынша критериалды бағалаудың жаңа моделін таныстыру;
• жасанды интеллект элементтерін пайдалану арқылы заманауи оқыту тәсілдерімен тәжірибе алмасу;
• оқушылардың қимыл белсенділігін, салауатты өмір салтына қызығушылығын және дене сауаттылығын арттыруға арналған әдістемелерді талқылау.

Секция қорытындысында дене шынықтыру пәнінің тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушылардың денсаулығын нығайту және мұғалімдердің кәсіби өсуіне бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.

Теги: