Астанада мерекелік отшашу өтті
Қаз. 25, 2024, 6 Т.Қ.
Республика күніне орай, Астанада демеушілердің қолдауымен мерекелік отшашу ұйымдастырылды.
Ауқымды фейерверк сағат 21:00-де елорданың Триатлон паркі аумағында атылды.
Еске салайық, бүгін – Республика күні. Тәуелсіздіктің алғашқы бастауы саналатын бұл мереке ондаған жылдан кейін қайта жаңғырып, еліміздің жалғыз ұлттық мерекесі ретінде аталып өтуде.