Астанада үш көшенің қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Там. 21, 2025, 4:01 Т.Қ.

Елордада Қ.Мұнайтпасов көшесі, М.Жұмабаев даңғылы және Абылай хан даңғылының қиылысы жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Астана әкімдігі

— Қ.Мұнайтпасов көшесі, М.Жұмабаев даңғылы және Абылай хан даңғылының қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты аталған учаске 20 тамыз сағат 23:00–ден 21 тамыз сағат 06:00–ге дейін, сондай-ақ 21 тамыз сағат 23:00–ден 22 тамыз сағат 06:00–ге дейін ішінара жабылады. Күндізгі уақытта қозғалыс ашық болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Теги: