Астанадағы Амман көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Маусым 29, 2025, 6 Т.Қ.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Амман көшесінің Ж.Тәшенов көшесінен Шарль де Голь көшесіне дейін жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 29 маусым мен 4 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.