Астанадағы Арыс көпірінде жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс 10 күнге шектеледі

Қыр. 16, 2025, 4:03 Т.Қ.

Қаладағы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арыс көпірінде (М3) деформациялық тігісті жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

2ГИС

Жөндеу жұмыстары 15 қыркүйектен 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы кезеңде автокөлік құралдарының қозғалысы ішінара шектелмек.

- Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруге кеңес беріледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, - делінген ақпаратта.

Басқарма қала тұрғындары мен қонақтарынан қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, қозғалысты жоспарлау кезінде шектеулерді ескеруді сұрады.

Теги: